15
қаңтар
2025
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы
2025 жылғы 15 ақпан күні №180 мектеп-гимназиясында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты жоба аясында оқушылармен кездесу өткізілді. Кездесуге Алатау аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ғ.Әбен қатысты.Мақсаты: Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.Кездесу барысында оқушыларға интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, кибербуллингтің алдын алу жолдары, жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілерде өзін дұрыс ұстау мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкері нақты мысалдар келтіре отырып, оқушыларға интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу тәсілдерін ұсынды.
Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, оқушылар белсенділік танытты.