16
сәуір
2026
«Жұлдызды суретші» қалалық байқауының аудандық кезеңін өткізу
«Жұлдызды суретші» қалалық байқауының аудандық кезеңін өткізу туралы
Мерзімі: 16.04.2026
Өтетін орыны: Алматы қаласы Алатау ауданындағы №180 мектеп-гимназия
Байқау мақсаты: «Жұлдызды суретші» қалалық байқауының аудандық кезеңі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнер арқылы өзін-өзі таныстыру мен әлеуметтік бейімдеу жағдайларын жасауға бағытталған.
Байқау міндеттері:
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылық әлеуеті мен сурет салу дағдыларын дамыту;
- Шығармашылық қызмет арқылы қатысушылардың эстетикалық қабылдауын жіне сындарлы ойлау қабілетін қалыптастыру;
- Өзін-өзі білдіру, өзіне деген сенімділікті арттыру және өзін-өзі бағалауды жоғарылату жағдайларын жасау;
- Балаларды шығармашылық топтық жұмысына біріктіріп, достық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ету;
- Болашақта олардың шығармашылық дамуын ұолдау мақсатында дарынды қатысушыларды анықтау
Байқауды бағалаған әділқазылар алқасы:
- Сейтова Асем Сайлаубековна – №171 ЖББМ оқу ісі жөніндегі орынбасары
- Мамраимова Айгуль Ануаровна – №184 ЖББМ логопед маманы
- Исаева Тогжан Алмазовна – №179 ЖББМ арнайы педагог маманы
- Басшыбаев Мамыт Бейбитович – №180 мектеп- гимназия ДТІЖО директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Мұсаева Назерке Жанасбекқызы – №212 ЖББМ көрем еңбек пәнінің мұғалімі
- Киршибаева Бейбиткуль Адилгазиновна – №180 МГ логопед маманы
- Нышан Айшаханум Болатқызы – №180 МГ көрем еңбек пәнінің мұғалімі
Байқауды ұйымдастырушылар:
- №180 мектеп-гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Нұрланқызы
- №180 МГ-ның логопед маманы Киршибаева Бейбиткуль Адилгазиновна
- №180 МГ-ның арнайы педагогі Тулегенова Гулмира Абдурайымова
- №180 МГ-ның педагог-ассистент Жаппарханова Жұлдыз Налиханқызы
- №180 МГ-ның психолог-педагогі Ханафиева Салтанат Даулеткелдиқызы өз жұмыстарын өте жоғары деңгейде көрсете білді.
Қорытынды: Байқау жоғары деңгейде, ұйымдасқан түрде өтті. Қатысушы ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды, байқау өз мақсатына жетті.




