«Халық бірлігі күні» және «Жеңіс күні» атты аудандық асфальтқа сурет салу балалар байқауы туралы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халық бірлігі күні» және «Жеңіс күні» атты аудандық асфальтқа сурет салу балалар байқауы туралы
08
сәуір
2026

«Халық бірлігі күні» және «Жеңіс күні» атты аудандық асфальтқа сурет салу балалар байқауы туралы


Алматы қаласы Білім басқармасы Алатау ауданы «Халық бірлігі күні» және «Жеңіс күні» атты аудандық асфальтқа сурет салу балалар байқауы туралы



1. Жалпы ережелер 

1.1. Мектеп жасындағы ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Халық бірлігі күні» және «Жеңіс күні» атты аудандық асфальтқа сурет салу балалар байқауы өткізіледі. 

1.2. Байқау ұйымдастырушылары: №184 ЖББМ – құзырет орталығы, №204 ЖББМ

1.3. Байқау өткізілетін орны: №204 ЖББМ. Өткізу күні мен уақыты: Тіркеу уақыты: 09:30 08.05.2026 ж. 10:00

Байқау Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің ерекше білім алушылары арасында өткізіледі. Байқау ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, патриоттық тәрбие беруге және инклюзивті қоғам құндылықтарын насихаттауға бағытталған. 


Байқаудың мақсаты: Мектеп жасындағы ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау, патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін және елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. 


Байқаудың міндеттері:

· Балалардың өзін-өзі еркін көрсетуіне және шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беру; 

· Қоғамдағы достық, татулық және бірлік құндылықтарын насихаттау; 

· Ұлы Жеңістің тарихи маңызын түсіндіру және ардагерлерге құрмет сезімін қалыптастыру; · Инклюзивті білім беру қағидаттарын жүзеге асыру және әлеуметтік бейімделуін қолдау; 

· Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. 


3. Байқау тақырыптары

· «Бірлік бар жерде – тірлік бар»,  · «Біз – бір халықпыз»

· «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» · «Ер есімі – ел есінде» · «Бейбіт аспан астында» 


4. Жұмысқа қойылатын талаптар 

4.1. Суреттер тек асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен салынады. 

4.2. Әр қатысушыға (немесе топқа) белгіленген аумақ беріледі. 

4.3. Сурет мазмұны байқау тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

 4.4. Жұмыстарда ұлттық рәміздерді бейнелеу кезінде олардың заң талаптарына сәйкес дұрыс қолданылуы міндетті. 

4.5. Суретте қатыгездік, зорлық-зомбылық, заңға қайшы немесе әдепке жат элементтер болмауы тиіс. 

4.6. Қатысушылар жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. 

4.8. Қатысушылар қажетті құрал-жабдықтарды (бор, су, т.б.) өздері алып келеді / ұйымдастырушы тарапынан беріледі (қажеттісін белгілеу).

           



5. Бағалау критерийлері 

· Тақырыптың ашылуы; · Шығармашылық идея; · Көркемдік деңгейі; 

· Түстер үйлесімділігі; · Эстетикалық безендірілуі. 

Бағалауды қазылар алқасы жүргізеді. 

3. Байқауға қатысушылар: 

3.1.Байқауға Алматы қаласы, Алатау ауданы мектептері (1-8 сынып) қатыса алады. 

3.2. Жас санаттары Аудандық байқауға қатысатын оқушылар: 

1-4 сыныптар бойынша 1 оқушы 

5-8 сыныптар бойынша 1 оқушы


6. Қорытындылау және марапаттау 

6.1. Жеңімпаздар жас ерекшелігі бойынша анықталады. 

6.2. I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. 

6.3. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталады. 


Негізгі номинациялар 

· «Үздік тақырыптық жұмыс» 

· «Шығармашыл қиял» 

· «Бейбіт өмір бейнесі» 

· «Бірлік пен татулық жаршысы» 

· «Ұлы Жеңіске тағзым» 

· «Ерлікке тағзым» 

· «Жүректен шыққан сурет» 

· «Үздік көркемдік шешім» 

· «Түстер үйлесімділігі» 

· «Көрермен көзайымы» 

· «Шабытты суретші» 

· «Үздік ұжымдық жұмыс» 

· «Жас дарын» 

· «Шексіз мүмкіндік» 

· «Үздік композиция» 

Сұраныс


Мектебі

Оқушының аты- жөні

Сыныбы

Жұмыс тақырыбы

Жетекшісі

Телефон номері

№ 180МГ

Тусупхан Саян Арманұлы

4 «Г»

«Ұлы Жеңіске тағзым» 

Тулегенова Г.А

87026363236

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: