Ерекше білім беруді қажет ететін балалар 7-8 сыныптар арасында қалалық эстафета сайысы
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар
7-8 сыныптар арасында қалалық эстафета сайысына қатысуы туралы
Мерзімі: Өтетін күні: 18 желтоқсан 2025 жыл, Өтетін уақыты: сағат 10:00, Өтетін орны: Алматы қаласы. №184 ЖББМ, Теректі ш/а, Ақтілек, 10 көшесі
Мақсаты: Ереше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруға қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында спорттық жарыс өткізілді.
Жарыс барысында оқушылар түрлі спорттық ойындарға қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын, ептіліктерін және белсенділіктерін көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде болды.
Сайысқа №180 мектеп–гимназиясының 7 «А» сынып білім алушысы Оспан Ерасыл Дәуренұлы қатысып, белсенділік танытып, нәтижесінде ІІ орынды иеленді.
Жарыс соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырды.
