«Таңғы жаттығу» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Таңғы жаттығу»
01
мамыр
2026

«Таңғы жаттығу»

2026 жылдың сәуір айы бойы №180 мектеп-гимназиясының 7–11 сынып оқушылары арасында әр сейсенбі сайын таңғы жаттығу ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, дене белсенділігін арттыру, сергектік пен көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың күнді белсенді бастауларына жағдай жасау.

Таңғы жаттығу мектеп ауласында және қолайлы ауа райы жағдайына байланысты арнайы белгіленген алаңда өткізілді. Іс-шараға 7–11 сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, дене жаттығулары арқылы өздерінің қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырды. Жаттығу барысында оқушылар түрлі сергіту қимылдарын, жеңіл дене жаттығуларын орындап, күнді көтеріңкі көңіл күймен бастауға мүмкіндік алды.

Таңғы жаттығудың негізгі идеясы – оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар, бұл шара оқушылардың тәртіпке, ұйымшылдыққа және белсенділікке бейімделуіне оң әсерін тигізді.Іс-шара мазмұнды әрі пайдалы өтті. Оқушылар таңғы жаттығуға белсенді қатысып, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді. 


👁️‍🗨️​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: