«Тәртіпке бағынған ел озады!» Лездеме өтті
Лездеме өтті Қаңтар айының 22-сі күні 4 «Г» сыныбында «Тәртіпке бағынған ел озады!» (мектептің ішкі тәртіп ережесі, заңдар мен құқықтарды түсіндіру, жаман әдеттердің алдын алу) тақырыбында лездеме өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мектептегі тәртіп ережелерін түсіндіру, өз құқықтары мен міндеттерін ажырата білуге үйрету, жаман әдеттердің зиянын ұғындыру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу. Лездеме барысында оқушылар тәртіп сақтаудың маңызын түсініп, өзара пікір алмасты.