Ақпарат » Страница 8 » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 8
Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде
20
сәуір
2023
Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде
⚜️Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде 🔰🥇*Көңілім әнді ұғады* номинациясы бойынша Халитова Сая І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталып қалалық кезеңге жолдама алды. *Жетекшісі:* Халиева А.К 🔰🥇*Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы* номинациясы бойынша Нұртас Балжан І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталып қалалық кезеңге жолдама алды. *Жетекшісі:* Кожакеева Г.У 🔰🥇*Абайдың қарасөздері* номинациясы бойынша Айтуған Балжан І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталып қалалық кезеңге жолдама алды. *Жетекшісі:*
Жеңіс күніне орай
19
сәуір
2023
Жеңіс күніне орай
2023 жылдың 19 сәуір күні 9 мамыр Жеңіс күніне орай білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқор, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, прогрессивті жастарды тәрбиелеу мақсатында аудандық ардагерлер ұйымының рухани-адамгершілік патриоттық тәрбиесінің төрағасы Аширбеков Сағымбек Аширбекұлы , аудандық ардагерлер төрағасының орынбасары Тоқмолдаев Нұрқасым Молдасанұлы, сонымен қатар Томирис ықшам ауданының ардагерлер ұйымының мүшесі Тоқтахұнова Дәметхан
Феникс олимпиадаларынан жүлделі орындар
18
сәуір
2023
Феникс олимпиадаларынан жүлделі орындар
2022-2023 оқу жылдары аралығында 5 "Ж" сынып оқушысы Оралғызы Еркежан би,эстрадалық би, фортапиано, Феникс олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағазадарымен марапатталды!Құттықтаймыз!
мектебіміздің музыка пәні мұғалімы Кузбаева Фарида Мадиярханқызы шәкіртімен, Түркіменстаннан келген студенттерге қазақтың ұлттық аспабы домбырасын тан
18
сәуір
2023
мектебіміздің музыка пәні мұғалімы Кузбаева Фарида Мадиярханқызы
2023 жылдың 18 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы, шетел филологиясы мамандығы мен мектебіміздің музыка пәні мұғалімы Кузбаева Фарида Мадиярханқызы шәкіртімен, Түркіменстаннан келген студенттерге қазақтың ұлттық аспабы домбырасын таныстырды. Көптеген күйлер ойнап, домбыра аспабын тез үйрену үшін керекті әдістерді көрсетіп берді.
“БАЛАFEST” фестивальінің “Өнерлі бала” (сәндік-қолданбалы өнер) бағыты
17
сәуір
2023
“БАЛАFEST” фестивальінің “Өнерлі бала” (сәндік-қолданбалы өнер) бағыты
2023 жылдың 17 сәуір күні Бастауыш сыныптар арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған “БАЛАFEST” фестивальінің “Өнерлі бала” (сәндік-қолданбалы өнер) бағыты бойынша қолөнер байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты:оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу, дарынды балаларды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту, ұсақ бұйымдармен жұмыс жасау арқылы қолөнерді жетілдіру. Қөлөнер байқауына оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып, аудандық
“Өз жұлдызыңды жақ!” жас мамандар байқауының аудандық кезеңі
14
сәуір
2023
“Өз жұлдызыңды жақ!” жас мамандар байқауының аудандық кезеңі
“Өз жұлдызыңды жақ!” байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы БАС ЖҮЛДЕ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Таңатарова Алтын Тастыбайқызы марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Құтты болсын, Қалалық кезеңге сәттілік
Бакытжанова Шырын Бакытжановна Цифрлық сауаттылық пәнінен 3 «Д» сыныбына «Анимация және ауысу» тақырыбында ашық сабақ өтті
14
сәуір
2023
Бакытжанова Шырын Бакытжановна Цифрлық сауаттылық пәнінен 3 «Д»
№180 жалпы білім беретін мектепте «Информатика-ақпараттар ғылымы» атты информатика апталығы аясында 14-сәуір күні информатика пәні мұғалімі Бакытжанова Шырын Бакытжановна Цифрлық сауаттылық пәнінен 3 «Д» сыныбына «Анимация және ауысу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, мұғалім өзінің шеберлігін көрсете білді. Сабақта Random Group Generator платформасы арқылы топқа бөліп «Bank» әдісі арқылы өткен сабақтағы білімдері тексерілді.
«Құстар күні» экологиялық сурет байқауы
14
сәуір
2023
«Құстар күні» экологиялық сурет байқауы
2023 жылдың 14 сәуір күні мектебіміздің 3 "Ж" сынып оқушылары «Құстар күні» экологиялық сурет байқауын ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың таным деңгейін қалыптастырып, білім алушылардың қолмен сурет салу өнерін қалыптастыруға бағыттау. Байқау барысында оқушыларға арнайы сурет таңдалынып алынды. Сол суретті өздерінің қалауларымен қағаз бетіне түсірді. Сынып жетекшісі: Масатбаева Жанерке.
"Қызық екен.."* интеллектуалды жоба
13
сәуір
2023
"Қызық екен.."* интеллектуалды жоба
2023 жылдың 13 сәуір күні информатика пәнінің мұғалімі Торыбаева Гульжахан Ауесхановна жас мамандарға арналған *"Қызық екен.."* интеллектуалды жоба өткізді. Тапқыр ой, жүйрік шешім, логикалық сұрақтарға құрылған сайыс тартысты болды. Сайыста ең жүйрік, тапқыр мамандарға сыйлықтар табысталды.
Алатау аудандық ардагерлер төрағасы Таубалды Сағидолла, аудандық ардагерлер төрағасының орынбасары Тоқмолдаев Нұрқасым, Саялы 1, Саялы 2 ықшамауданыны
12
сәуір
2023
Алатау аудандық ардагерлер төрағасы Таубалды Сағидолла, аудандық
2023 жылдың 12 сәуір күні Алатау аудандық ардагерлер төрағасы Таубалды Сағидолла, аудандық ардагерлер төрағасының орынбасары Тоқмолдаев Нұрқасым, Саялы 1, Саялы 2 ықшамауданының ардагерлер кеңесінің жетекшісі Досмедетов Ертай мектебімізде қонақта болды. Аудан көлемінде алдағы уақыттағы жоспарланған патриоттық, сонымен қатар тәлім-тәрбие беретін іс-шараларды талқылады. Сонымен қатар жиналысқа мектебіміздің тәлімгер ұстаздары да ат салысты. 
Сәдібеков Қуан Сапибекұлы “Авторлық құқық”, “Плагиат”тақыбында 6 "Д" сыныбымен ашық сабақ өтті
12
сәуір
2023
Сәдібеков Қуан Сапибекұлы “Авторлық құқық”, “Плагиат”тақыбында 6 "Д"
2023 жылдың 12 сәуір күні Информатика пәні мұғалімі Сәдібеков Қуан Сапибекұлы “Авторлық құқық”, “Плагиат”тақыбында 6 "Д" сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында өткен сабақты пысықтау мақсатында "Дәптер" әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды.Жаңа сабақты ашу мақсатында ребусты шешіп, сұрақтарға жауап берді. Мәтін теру арқылы оны онлайн антиплагиатқа тексерді."Бағдаршам" әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
Торыбаева Гульжахан Ауесхановна 10 "А" сынып оқушыларымен *"Нейрондық желілердің ұйымдастыру принциптері"* тақырыбында ашық сабақ
12
сәуір
2023
Торыбаева Гульжахан Ауесхановна 10 "А" сынып оқушыларымен *"Нейрондық
2023 жылдың 12 сәуір күні информатика пәнінің мұғалімі Торыбаева Гульжахан Ауесхановна 10 "А" сынып оқушыларымен *"Нейрондық желілердің ұйымдастыру принциптері"* тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта *Фонарик* әдісі арқылы топқа бөліп, оқушылар ұжымдық, топтық, жұптық тапсырмаларды орындады. *Нейрондық желі-болашақтың желісі* тақырыбында анимацияланған презентация жасап қорғады. Сергіту сәтінде *Комментарий* әдісімен оқушылар сергіп, өздері туралы жағымды пікірмен бөлісті. Оқушылар
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
12
сәуір
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
2023 жылдың 12 сәуірі күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Түкеева Лунара Мақсатқызы мен кітапхана меңгерушісі Бактиярова Мария Есеновна "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 «Ж» сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасындағы Қожа бейнесі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың мол мұрасын насихаттау барысында «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді
Қызылша несімен қауіпті?
12
сәуір
2023
Қызылша несімен қауіпті?
Қызылша несімен қауіпті? 2023 жылы 12 сәуір күні мектеп медбикелері Б.Наурызбаева, С. Өтеген халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне және таралуына, өршуінің туындауына жол бермеу үшін 5-10 сынып оқушыларына профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне және таралуына, өршуінің туындауына жол бермеу, оқушыларға қызылша туралы түсінік қалыптастыру, алдын алу жолдарын түсіндіру. Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз
«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі
12
сәуір
2023
«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі
«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі. 2023 жылдың 12 сәуір күні «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі аясында жаратылыстану бірлестігінің ұстаздары мен 9-10 сынып оқушылары мектеп ауласына ағаштар отырғызды. Мақсаты; оқушыларға ағаш отырғызудың табиғат үшін мағызын түсіндіре отырып, оларға экологиялық тәрбие беру. Іс-шара барысында мектебіміздің ардақты ұстазы Искакова Турсынай Алгазиевна оқушыларға ағашты отырғызып қана қоймай оны үнемі қарап, күтіп-баптауға шақырды. 5 сынып оқушылары ағаш
Республикалық *Ілияс Жансүгіров оқулары* байқауының қалалық кезеңі
11
сәуір
2023
Республикалық *Ілияс Жансүгіров оқулары* байқауының қалалық кезеңі
2023 жылдың 11 сәуір күні Республикалық *Ілияс Жансүгіров оқулары* байқауының қалалық кезеңі болып өтті. Байқау 3-кезең бойынша ұйымдастырылды. *Ілияс - қазақ поэзиясының жыр құлагері* бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Ақан Аружан *І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ* иегері атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Кожакеева Гульзат Умирхановна. 🥉*Ілияс - сөз шебері* бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Сәмитбекқызы Іңкәр *ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ* иегері атанды. Жетекшісі: Дилтанова Марина Алтаевна.
«Информатика ақпараттар -ғылымы» тақырыбында информатика бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
11
сәуір
2023
«Информатика ақпараттар -ғылымы» тақырыбында информатика
2023 жылдың 11 сәуір күні «Информатика ақпараттар -ғылымы» тақырыбында информатика бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болды. Мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың дүниеге келгеніне 800 жыл толады.
10
сәуір
2023
Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың дүниеге
Биыл, 2023 жылы Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың дүниеге келгеніне 800 жыл толады.Осыған орай, №180 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі М.Е.Бактиярова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бейбарыс сұлтанға 800 жыл» атты тақырыптық көрме жасап, оқырмандарға таныстырды. Мақсаты: 1.Оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстыру. 2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту,
«Мейбукан Годзю-Рю Каратэ Додан» клубаралық турнир
09
сәуір
2023
«Мейбукан Годзю-Рю Каратэ Додан» клубаралық турнир
2023 жылдың 9 сәуір күні Алматы қаласында «Мейбукан Годзю-Рю Каратэ Додан» клубаралық турнир КУМИТЭ "ИРИКУМИ" спорттық ұйымының ұйымдастыруымен өткен жарысқа мектебіміздің 6 "Г" сынып оқушысы Какимсеитов Бекарыс Бекжанұлы қатысты. 35кг салмақ бойынша І орынмен марапатталды. Жарайсыз Бекарыс! Мектебіміздің мерейін асқақтата беріңіз!
Дзюдо күресінен Ерғанат Нұрисламның еміне арналған қайырымдылық жарысы
08
сәуір
2023
Дзюдо күресінен Ерғанат Нұрисламның еміне арналған қайырымдылық жарысы
2023 жылдың 8 сәуірі күні Дзюдо күресінен Ерғанат Нұрисламның еміне арналған қайырымдылық жарысының 32 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ орын алғаны үшін 5 "Ж" сынып оқушысы Зиядулла Әсет марапатталды. Құттықтаймыз!