Жеңіс күніне орай » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеңіс күніне орай
19
сәуір
2023

Жеңіс күніне орай

2023 жылдың 19 сәуір күні 9 мамыр Жеңіс күніне орай білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқор, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, прогрессивті жастарды тәрбиелеу мақсатында аудандық ардагерлер ұйымының рухани-адамгершілік патриоттық тәрбиесінің төрағасы Аширбеков Сағымбек Аширбекұлы , аудандық ардагерлер төрағасының орынбасары Тоқмолдаев Нұрқасым Молдасанұлы, сонымен қатар Томирис ықшам ауданының ардагерлер ұйымының мүшесі Тоқтахұнова Дәметхан және Жумадилова Аятхан мектебімізде қонақта болды. Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Мектебіміздің өнерлі 3 "В" сынып оқушысы Сеилхан Ерсұлтан қонақтарға "Мен қазақтың ұлымын" атты патриоттық ән шашуын арнады. Білім алушылар келген қонақтарға өздерінің ойымен бөлісіп, естелік суретке түсті. Сонымен қатар мектебіміздің кітапханасын арнайы таныстырып, алғашқы әскери дайындық кабинеті, мектебіміздің батыр жауынгерлеріне арналған арнайы даңқ бұрышы көрсетілді. Ардагерлер білім алушыларға өздерінің ақыл кеңестерін айтып, сондай-ақ ақ батасын арнады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: