«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі
12
сәуір
2023

«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі

«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі.

2023 жылдың 12 сәуір күні «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі аясында жаратылыстану бірлестігінің ұстаздары мен 9-10 сынып оқушылары мектеп ауласына ағаштар отырғызды. Мақсаты; оқушыларға ағаш отырғызудың табиғат үшін мағызын түсіндіре отырып, оларға экологиялық тәрбие беру. Іс-шара барысында мектебіміздің ардақты ұстазы Искакова Турсынай Алгазиевна оқушыларға ағашты отырғызып қана қоймай оны үнемі қарап, күтіп-баптауға шақырды. 5 сынып оқушылары ағаш отырғызудың пайдасы мен маңызы туралы өлең шумақтарын оқып, мақал-мәтелдер айтты.
Табиғат сұлулығы мен таза ауаның кілті - бұл ағаштар. Бұл шараның ұйымдастырылуы аймақтағы экологияны одан әрі жақсартуға, мектебіміздің көркеюі мен көгалдануына ықпал етеді. Осы шараны ұйымдастыруға өз үлесін қосқан жаратылыстану, эстетика бірлестігінің ұстаздарына, мектеп қызметкерлері Жетенбаев Талғат ағай мен Алтаев Тиналы Тайырұлына алғыс айтамыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: