Ақпарат » Страница 5 » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 5
“Мамандықтар калейдоскобы” челленджі
24
мамыр
2023
“Мамандықтар калейдоскобы” челленджі
2023 жылдың 2-30 мамыр аралығында жүргізілетін кәсіби-бағдарланған “Мамандықтар калейдоскобы” челленжі аясында 9 сынып оқушылары 21 мамыр күні Панфилов және Жібек жолы көшелерінің бойындағы ашық алаңдарда өткізілген «Алматы қаласының заманауи білім күндері»атты қалалық форумына барып қайтты. Мектеп аясында кәсіби бағдар - оқушыларды кәсіптер әлемімен таныстыруға, болашақта қызмет түрін таңдауға көмектеседі.
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінде
24
мамыр
2023
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар
🔰 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 7 сынып оқушысы Тургинбай Маржан ІІ ОРЫН иеленді Жетекшісі: Спанбетова М.Е Құтты болсын! Жеңісті күндеріміз көп болсын👏🏻
Ерекше білімді қажет ететін оқушылар
23
мамыр
2023
Ерекше білімді қажет ететін оқушылар
2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай  білімді қажет ететін оқушылармен іс шара өткізілді.
Ұлдар жиналысы
18
мамыр
2023
Ұлдар жиналысы
2023 жылдың 18 мамыр күні мектебіміздегі 7 сыныптың білім алушыларына ұлдар жиналысы болып өтті. Жиналыстың жалпы мақсаты білім алушылардың мектеп қабырғасындағы және мектептен тыс тәртіптері туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар ер адамға тән нақты қасиеттері туралы, қазақ халқындағы ер адамның өзін-өзі тәрбиелеуі туралы айтылды. Тек баяндамалар ғана емес, сонымен қатар зиянды әрекеттер, оның ішінде телефондағы өткізген бос уақыттың зияны жайлы бейнероликтер көрсетілді. Білім алушылар тыңдап қана
“Сенім бұрышы” жобасы
17
мамыр
2023
“Сенім бұрышы” жобасы
2023 жылдың 17 мамыр күні Алматы қаласының прокуратурасы мен Білім басқармасының ұйымдастыруымен колледж, мектеп, балабақша басшыларына “ZOOM” платформасында жиналыс өтті. Көтерілген негізгі тақырып: балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу шараларын күшейту туралы. Алатау ауданы №204 жалпы білім беретін мектептің тәрбие меңгерушісі Куанышбаев Камбар Талгатович “Буллингтің алдын алу мүмкін бе?” тақырыбында сөз сөйледі және “Сенім бұрышы” жобасымен таныстырды. Алатау
"Оқуға құштар мектеп"
16
мамыр
2023
"Оқуға құштар мектеп"
2023 жылдың 16 мамыр күні Алатау ауданының Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқиық" тақырыбында өткен байқауда жүлделі ІІІ орынды алған 5 "Е" сынып оқушысы Амирхан Сезім марапатталады. Жетекшісі: Төрехан Бақдәулет.
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
16
мамыр
2023
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
2023 жылдың 16 мамыр күні мектебіміздің білім алушыларына жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Жағажайға демалу кезінде, суға түскендегі форс мажор қажетті іс-әрекеттер көрсетілді.
Ата-аналар форумы
15
мамыр
2023
Ата-аналар форумы
2023 жылдың 15 мамыр күні "Ұрпақтар сабақтастығы" атты республикалық ата-аналар форумындағы дәйекті сөздерден сіздерге ұсынамыз!
"Шаттығы мол шаңырақ"
15
мамыр
2023
"Шаттығы мол шаңырақ"
2023 жылдың 15 мамыр күні - халықаралық отбасы күніне орай "Шаттығы мол шаңырақ" атты мектебіміздің білім алушыларының әкелерімен кездесу өтті. Мақсаты: Қазіргі отбасындағы әкелердің рөлін арттыру. Осы орайда мектебімізге ҚР Білім беру ісінің үздігі, жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер Камнұр Тәлімұлы қонаққа келді. Қазақ отбасындағы ер адамның орнын төрден қойып, әке деген ұғымға ерекше мән берген. Бүгінгі кездесудің маңызы да, мағынасы да осы әке деген сөзбен тікелей байланысты. Келген
«Егіздер ерекше жаратылған жандар»
15
мамыр
2023
«Егіздер ерекше жаратылған жандар»
«15 мамыр-халықаралық отбасы» күні 2023 жылы 12 мамыр күні «Халықаралық отбасы» күні мерекесіне орай мектебіміздегі егіз оқушылардың ата-аналарына арналған «Егіздер ерекше жаратылған жандар» атты кездесу болып өтті. Мақсаты: егіз балалардың ерекше жаратылған жандар екенін ескеру, олардың аналарына алтын құрсақты, батыр ана екенін түсіндіру. Отбасындағы құндылықтарды дәріптеу. Меркелік іс-шара барысында егіздер әлемдегі сирек кездесетін жандар екендігі ескеріліп, егіздер туралы қызықты
Кітапхана мониторинг
15
мамыр
2023
Кітапхана мониторинг
2023 жылдың 15-17 мамыр күндері мектеп кітапханасына мониторинг жүрігізу комиссия тобы құрылды. 2022-2023 оқу жылында педагог қызметкерлері мен білім алушылардың мектеп кітапханасына келуі, кітап оқылымын анықтау, кітаптардың сақталуын бақылау. Мақсаты: Мектеп кітапханасына оқырмандардың келуі мен кітап оқылымын анықтау, педагог қызметкерлер мен білім алушыларды кітап оқуға тарту, оқырмандар санын арттыру. 15 мамыр күні комиссия тобы өз жұмысын бастады. Мектеп директоры Л.Б.Дәулетбек комиссия
«Жасыл мекен» челленджі
13
мамыр
2023
«Жасыл мекен» челленджі
2023 жылы 13 мамыр күні сағат 12:00 де «Тоғыз айға 9 іс-шара» аясында мектебімізде «Жасыл мекен» челленджі өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу. «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады. «Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат
«Отбасы – бақыт мекенім»
12
мамыр
2023
«Отбасы – бақыт мекенім»
12.05.2023 жылы №180 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі М.Е.Бактиярова 15-мамыр халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекенім» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, 7 «Е» сынып оқушыларына таныстырды. Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.
«Кітапханаға кітап сыйла!»
12
мамыр
2023
«Кітапханаға кітап сыйла!»
Мектебімізде кітапхана меңгерушісі М.Е.Бактиярова *«Кітапханаға кітап сыйла!»* атты қайырымдылық акциясын жариялаған болатын. *Мақсаты:* мектебіміздің кітапхана қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, жас оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту. Акция барысында мектеп оқушылары белсенділік танытып өздерінің оқыған кітаптарын, ертегі кітаптарын кітапханаға сыйға тартты. *«Кітапханаға кітап
Ашық сабақ
12
мамыр
2023
Ашық сабақ
2023 жылдың 11 мамыры күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Түкеева Лунара Мақсатқызы мен мектеп педагог-психологы Ханафиева Салтанат Дәулеткелдиқызы 5 «Ж» сынып оқушыларымен "Үлгі болар отбасы-қазағымның айнасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін