"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
12
сәуір
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында

2023 жылдың 12 сәуірі күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Түкеева Лунара Мақсатқызы мен кітапхана меңгерушісі Бактиярова Мария Есеновна "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 «Ж» сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасындағы Қожа бейнесі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың мол мұрасын насихаттау барысында «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында бірнеше талқылау сұрақтары беріліп,оқушылар белсенділік танытып ,ойларын еркін жеткізе білді. «Бұл кім?» айдарында берілген үзінділер арқылы кімнің сөзі екенін тауып ,кеңірек тоқталып өтті.Қазірге кезде Қожа бұзақылық жасап ,тәртіп бұзса қандай шара қолданар едіңіздер?- деген сұраққа оқушыларымыз Қожаның,басқа да кейіпкерлердің орнына өздерін қойып образды аша түсті.Сергіту сәтінде фильмнен шағын үзінді көрсетіліп қорытындылады.Балалар жақсы көңіл- күйде тарқасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: