«Кітапханаға кітап сыйла!» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітапханаға кітап сыйла!»
12
мамыр
2023

«Кітапханаға кітап сыйла!»

Мектебімізде кітапхана меңгерушісі М.Е.Бактиярова *«Кітапханаға кітап сыйла!»* атты қайырымдылық акциясын жариялаған болатын.
*Мақсаты:* мектебіміздің кітапхана қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, жас оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту.
Акция барысында мектеп оқушылары белсенділік танытып өздерінің оқыған кітаптарын, ертегі кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.
*«Кітапханаға кітап сыйла»* қайырымдылық акциясы әлі де өз жалғасын табуда.
5 «Ғ» сынып оқушылары сынып жетекшісі Р.А.Ибатбековамен келіп, кітапхана қорының жаңа кітаптармен толығуына өз үлестерін қосып, бірнеше кітаптар сыйға тартты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 қаңтар 2023 Көрме