«Жасыл мекен» челленджі » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасыл мекен» челленджі
13
мамыр
2023

«Жасыл мекен» челленджі

2023 жылы 13 мамыр күні сағат 12:00 де «Тоғыз айға 9 іс-шара» аясында мектебімізде «Жасыл мекен» челленджі өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу. «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады. «Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. «Жасыл мекен» челленджіне мектебіміздің ата-аналары, ұстаздар және білім алушылар ат салысты. Мектеп ауласына қара ағаштар мен жеміс ағаштары отырғызылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: