Кітапхана мониторинг » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітапхана мониторинг
15
мамыр
2023

Кітапхана мониторинг

2023 жылдың 15-17 мамыр күндері мектеп кітапханасына мониторинг жүрігізу комиссия тобы құрылды. 2022-2023 оқу жылында педагог қызметкерлері мен білім алушылардың мектеп кітапханасына келуі, кітап оқылымын анықтау, кітаптардың сақталуын бақылау.
Мақсаты: Мектеп кітапханасына оқырмандардың келуі мен кітап оқылымын анықтау, педагог қызметкерлер мен білім алушыларды кітап оқуға тарту, оқырмандар санын арттыру.
15 мамыр күні комиссия тобы өз жұмысын бастады.
Мектеп директоры Л.Б.Дәулетбек комиссия жұмысының барысымен танысып, «Кітапхана жұмысын зерделеу тобының» атқарар жұмысының мақсатын түсіндіріп, мемлекетіміздің президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022-2025 жылдар аралығындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда тек кітапханашы емес пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері де бірлесе отырып, білім алушыларды кітапханаға тарту, қызықтыру жолында жұмыс жүргізудің артықшылықтарын түсіндірді.
Комиссия тобы әр сыныптың білім алушысына жеке тоқталып, олардың формулярларын зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ең көп кітап оқыған оқырман, жыл соңында мақтау қағазымен марапатталады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: