"Мәуелі мекеніме 10 жыл" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәуелі мекеніме 10 жыл"
30
қаңтар
2023

"Мәуелі мекеніме 10 жыл"

2023 жылдың 28 қаңтар күні
«Мәуелі мекеніме 10 жыл» атты мерейтойда мектебіміздің талантты оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Өнерлі ұландардан құралған «Телқоңыр» ансамблі қазақ күйлерін орындап, сыйлы қонақтарымызды қарсы алды. Олардың орындаушылық шеберлігіне көпшілік тамсана қол соқты.
Мәжіліс залында 9-сынып оқушысы Халитова Сая ұстазы Жақыпбай Ерлік Ерболатұлымен бірге «Ұстазым» әнін орындады. Ал республикалық, қалалық байқауларда мектебіміздің атын асқақтатып жүрген «Шашу» квартеті жанды дауыста шырқаған халық әндерінен құралған попурри тыңдармандардың көңілінен шықты.
10-сынып оқушылары орындаған «Алматы кеші» әні әсем биге ұласты.
Халықаралық және республикалық сайыстардың жүлдегері, мектеп оқушыларынан құралған «Ақкербез» би ансамблі қазақ биін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің көңілін көтерді.
Мектеп оқушыларынан құралған «Достық» хор ұжымы мектебіміздің гимнін орындады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: