"Мәуелі мекеніме 10 жыл" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәуелі мекеніме 10 жыл"
30
қаңтар
2023

"Мәуелі мекеніме 10 жыл"

2023 жылдың 28 қаңтар күні №180 мектеп өзінің мерейлі 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Болашағына биік біліммен қадам басқан жасөспірімдердің мекеніне айналған №180 жалпы білім беретін мектеп - тағылымы мол, тарихи маңызы бар  білім ордасы. 
Алматыдай алып шаһардың Алатау ауданы, Саялы ықшамауданында орналасқан №180 жалпы білім беретін мектебі 2013 жылы 16 қаңтарда еліміздің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды.
Мектептің жалпы аумағы 12623,6 шаршы метрді құрайды. Мектептің жобалық қуаты 1200 оқушыға арналған.
Алғашқы кезде мектеп 430 оқушы, 46 мұғаліммен ашылған.
2021-2022 оқу жылында оқушы саны 4000-ға жуықтап, мұғалімдер саны 198-ге жетті. Он жыл ішінде мұндағы 18 түлек оқуын «Алтын белгімен», 11-і үздік аттестатпен аяқтаған.
2019 жылдан бастап мектеп ұжымын Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дәулетбек Ләззат Байшымырқызы басқарып келеді.
Үздіксіз даму мен табанды еңбектің нәтижесінде мектептің материалдық базасы жыл өткен сайын жаңаруда.
2022-2023 оқу жылындағы оқушы саны – 2222, мұғалім саны- 156.
Мектеп ішінде бірнеше спорт үйірмелері: «Волейбол», «Футбол», «Үстел теннисі», «Асық ату» және «Хор», «Би» үйірмелері мен «Телқоңыр» ұлттық домбыра ансамблі жұмыс жасайды.
2021-2022 оқу жылында оқушыларды экологиялық мәдениетке баулу мақсатында Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Жасыл мектеп» жобасы аясында мектеп жанынан жылыжай ашылды.
Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында турникет құрылғысы орнатылды. Бұл төтенше жағдайларда оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мектептерді модернизациялау және жабдықтау бойынша оқу кабинеттері және мектеп кітапханасы заманауи талаптарға сай жабдықталды. Жаңа үлгіде жасақталған мектеп кітапханасын 2021-2022 оқу жылында Алматы қаласының әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы салтанатты түрде ашқан болатын.
Мектептің тек өткені, бүгіні ғана емес, болашағы да кемел екені айқын. Мерейтойдың барысы келесі постарда жалғасын табады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: