"Мәуелі мекеніме 10 жыл" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәуелі мекеніме 10 жыл"
30
қаңтар
2023

"Мәуелі мекеніме 10 жыл"

№180 ЖББ мектепте өткен «Мәуелі мекеніме 10 жыл» атты мерейтойға көптеген сыйлы қонақтар арнайы шақырылды. Атап айтар болсақ, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Еңбек ері, Қазақстанға еңбек сіңген қайраткер, екі академияның академигі, екі ұлттық университеттің профессоры, Алматы қаласының құрметті азаматы Миразова Аягүл Төреқызы мектеп ұжымын мерейтоймен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.
Мектебіміздің ашылуына ерен еңбегі сіңген, алғашқы мектеп директоры Кусайнова Салтанат Амангельдиновна өзі куә болған тарихи сәттерден сыр шертті.
Сонымен қатар құрметті қонақтар қатарында болған Алатау ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Оразбаева Ләйлә Серікбайқызы, Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіптік одақ қоғамдық бірлестігінің төрағасы Байгуттинов Серикжан Кадралинович, Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Акмурзаева Қарлығаш Медербековна және Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіптік одақ қоғамдық бірлестігінің Алатау аудандық филиалы төрағасы Мухамедиев Қайрат Тлеулиевич, 2015-2018 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарған Егемова Қыздығой Байшығарқызы да жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Он жыл көлемінде мектебімізде еңбек етіп, зейнеттік демалысқа шыққан ардагер ұстаздар өз естеліктерімен бөліссе, мектеп ұжымына әрдайым қолдау көрсетіп отыратын ата-аналар, мектеп түлектері де мерейтоймен құттықтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: