"Мәуелі мекеніме 10 жыл" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәуелі мекеніме 10 жыл"
30
қаңтар
2023

"Мәуелі мекеніме 10 жыл"

2023 жылдың 28 қаңтар күні «Мәуелі мекеніме 10 жыл» атты мерейтойдың салтанатты кеші жоғарғы сынып оқушыларының мектеп өмірі туралы сахналық қойылымымен басталды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің мерекеге арнап жатқа оқыған жыр шумақтарын тыңдарман қауым сүйсіне қабылдады.
Кеш барысында шәкірттердің білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарына деген ықыласы өлең шумақтарында көрініс тапты.
Мектеп кітапханасында тарих пәнінің мұғалімі Спанбетова Маржан Ерғалиқызының жетекшілігімен ұйымдастырылған «Ұшқын» пікірсайыс клубының көрсетілім ойыны оқушыларымыздың ойы ұшқыр, тілі жүйрік екендігін байқатты. Кеш қонақтары өз ризашылықтарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: