"Мәуелі мекеніме 10 жыл" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәуелі мекеніме 10 жыл"
30
қаңтар
2023

"Мәуелі мекеніме 10 жыл"

2023 жылдың 28 қаңтар күні «Мәуелі мекеніме 10 жыл» атты мерейтойдың сыйлы қонақтарының қатарында өнер жұлдыздары да болды. Мерекеге арнайы ән шашумен келген ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі Талғат Күзембаев Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындады.
Еңбек жолын осы мектептен бастаған, қазіргі таңда «Ұлытау» тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген талантты күйші Рүстем Баекеевтің өнеріне көпшілік тәнті болды.
Қазақ ән өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жұлдызды дуэті Жігер мен Жанаттың өнері тыңдарман қауымды сүйсіндірді.
Сонымен қатар мектеп ұжымын ата-аналар атынан қазақ эстрадасындағы жұлдызды топтың бірі - «Заман» тобы құттықтап, әннен шашу шашты.
Сахна төріне өзінің өнерін сый қылып алып келген «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі Ұлжан Ағлақова орындаған халық әні көпшіліктің көңілінен шықты.
Мерекелік шараны жүргізген ҚР-ның журналистер одағының мүшесі, тележүргізуші Таубалды Мейрамбек те кештің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, көркін қыздыра түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: