2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
01
тамыз
2024

2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы

2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы

 2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:

         2024 жылғы 1 қыркүйек – 2025 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:

         1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:

1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы  28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда;

2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);

4-тоқсан – 8 оқу аптасы.


1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда).       


2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары –  2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында;

11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 13 маусым аралығында.


3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін:

1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 29 мамыр;

2) қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2025 жылғы 2 маусым;

3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2025 жылғы 5 маусым;

4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 10 маусым;

11 (12)-сынып оқушылары үшін:

1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылғы 30 мамыр;

2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 3 маусым;

3) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 6 маусым;  

4)таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2025 жылғы  12 маусым; 

5) өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2025 жылғы 13 маусым.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: