2024-2025 оқу жылындағы ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылындағы ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
01
тамыз
2024

2024-2025 оқу жылындағы ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу-ағарту министрінің 26.10.2023 ж. № 323 және 08.02.2024 ж. № 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары:
үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады;
- үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарларының Үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарын әзірлеу кезінде Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын (оның ішінде төмендетілген оқу жүктемесімен) тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:
• тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3-сыныптан бастап аптасына 2 сағат көлемінде «Шетел тілі» пәнін оқыту енгізілетінін;
• 3-сыныпта «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері аптасына 1 сағаттан оқытылатынын;
• «Жаратылыстану» пәні 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, 4-сыныпта аптасына 2 сағаттан оқытылатынын ескеру қажет.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: