2024 жылдың 24 сәуір күні « 9, 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау” тақырыбында кіші педагогикалық кеңес өтті. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024 жылдың 24 сәуір күні « 9, 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау” тақырыбында кіші педагогикалық кеңес өтті.
25
сәуір
2024

2024 жылдың 24 сәуір күні « 9, 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау” тақырыбында кіші педагогикалық кеңес өтті.

2024 жылдың 24 сәуір күні « 9, 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау” тақырыбында кіші педагогикалық кеңес өтті.🔻Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Дәулетбек Ләззат Байшымырқызы кіріспе сөзінде 5-8, 10-сыныптарда «қазақ тілі», «қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен емтихан өткізу, 9, 11 сынып білім алушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібімен таныстырып, «2023-2024 оқу жылын аяқтау және білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» мектепішілік бұйрықпен таныстырды.
🔻2-мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрланқызы Камила 2023-2024 оқу жылында 5-8, 10-сыныптарда «қазақ тілі», «қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен емтихан өткізу мерзімдерін белгілеу туралы, 2023-2024 оқу жылындағы 9,11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін белгілеу, аттестатқа қойылатын бағалар жаймасын тексеру комиссиясын құру туралы және педагог қызметкерлерді кезекті еңбек демалысына жіберу туралы бұйрықпен таныстырды.
🔻3-мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мусаханова Меиз Тасбулатовна Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығын басшылыққа ала отырып 2023-2024 оқу жылында аттестаттауға өтініш білдірген педагогтерді атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: