2024-2025 Оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 Оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
05
тамыз
2024

2024-2025 Оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

       2024 жылғы 2-қыркүйек алғашқы оқу күні, оқудың аяқталуы - 2025 жылғы 23 мамыр. 

• Тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3- сыныпта «Шетел тілі» пәнін оқыту енгізіледі 
• «Көркем еңбек» пәнін кезең-кезеңмен «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөліп оқыту 3-сыныпта жалғасады, 4-сыныпта «Көркем еңбек» пәні оқытылады 
• «ДосболLIKE» бағдарламасын және «Менің бауырым» волонтерлік жобасын іске асыру шеңберінде мектепте салауатты және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады 
• Ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерінде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізіледі 
• 2024 жылдан бастап «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру шеңберінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс белсендіріледі
• 2024 жылдан бастап педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматы енгізілді
• «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадр резервінің республикалық базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады
• Цифрлы технологияларды пайдаланып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға бағытталған пилоттық жобалар масштабталады.
• Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы бойынша жұмыстар күшейтіледі
• Оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі.
• «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы шеңберінде білім алушыларға экологиялық білім беру жүзеге асырылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: