28
ақпан
2025
«Қазақ қызы-ұлттық болмыстың айнасы» атты танымдық- шығармашылық кеш
2025 жылы 27 ақпан күні 8 наурыз –халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қазақ қызы-ұлттық болмыстың айнасы» атты танымдық- шығармашылық кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ қызының ұлттық болмыстағы рөлін ашып көрсету, оның салт-дәстүр мен мәдениетті сақтаудағы маңызын талдау. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген қазақ қыздарының заманауи қоғамдағы орнын анықтау.
Кеш қонақтары Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, «Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының» академигі, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф, ақын, қаламгер-журналист Ғалия Қайдауылқызы және шәкірті Қарасай ауданы, Іргелі мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Нұрғожаева Елнұр Қайратқызы.
Танымдық кеш барысында білім алушылар Ғалия Қайдауылқызының өмірбаянын, өлеңдері мен жарық көрген кітаптары туралы айтты.
Сыр-сұқбатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Гүлжамал Шәбденбекқызы жүргізді.