26
қыркүйек
2025
10 "Б" сыныбында "А.Құнанбайұлы «Он жетінші қарасөзіндегі» кейіпкер жүйесі" тақырыбында ашық сабақ өткізді
2025 жылдың 25 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Қ.Ә. "Ұлттың ұлы қазынасы-ана тілі" атты онкүндік жоспарына сәйкес 10 "Б" сыныбында "А.Құнанбайұлы «Он жетінші қарасөзіндегі» кейіпкер жүйесі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларды Stopwatch платформасы арқылы топқа бөліп, жаңа тақырып туралы түсінік беріп өтті. Жаңа ақпаратты меңгертуде "Кейіпкерді таны", "Салыстыру кестесі" әдістерін, Diffit.me платформасын пайдаланды және оқушы білімін бағалауда "Ми заряды" әдісін қолданды. Оқушылар топтық, жеке жұмыс орындап, кері байланыс беріп, нәтижелі білім көрсете білді.



