"Ұлттың ұлы қазынасы - ана тілі" тақырыбындағы онкүндіктің іс-шара жоспарына сәйкес қыркүйектің 25-күні 6 "А"сынып оқушыларымен "Ана тілім - айбыны » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттың ұлы қазынасы - ана тілі" тақырыбындағы онкүндіктің іс-шара жоспарына сәйкес қыркүйектің 25-күні 6 "А"сынып оқушыларымен "Ана тілім - айбыны
25
қыркүйек
2025

"Ұлттың ұлы қазынасы - ана тілі" тақырыбындағы онкүндіктің іс-шара жоспарына сәйкес қыркүйектің 25-күні 6 "А"сынып оқушыларымен "Ана тілім - айбыны

№180 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Протаева Базарай "Ұлттың ұлы қазынасы - ана тілі" тақырыбындағы онкүндіктің іс-шара жоспарына сәйкес қыркүйектің 25-күні 6 "А"сынып оқушыларымен "Ана тілім - айбыным " тақырыбында әдістемелік сабақ өткізді.
Мақсаты: "Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу.
Оқушылар «wordwall» платформасындағы «Құндылықтар парағы» арқылы топқа бөлінді. Үй тапсырмасын тексеруде жұптық жұмыс қолданылды. «wordwall» платформасындағы «Құмсағат» әдісі арқылы тіл туралы нақыл сөздердің жалғасын табуда топ мүшелері белсенділік көрсетті.
Пән мұғалімі «Құндылықтар спектрі», «Бәйге» әдісі, «Қазақша караоке»,
«Мен...» тұжырымдамасы әдістерін де тиімді қолдана білді.
Сабақ Қ. Мырзалиевтің «Ана тілің - арың бұл» өлеңімен өз мәресіне жетті.
Сабақ оқушылардың ана тілін құрметтеудің, тіл мәдениетін сақтаудың, ұлттық құндылықтарды бағалаудың маңызын түсінуге, рухани дамуына, елін, жерін сүюге және ана тіліне деген перзенттік сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етері сөзсіз

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: