17
маусым
2025
11 сынып бітіруші білім алушыларға ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ беру туралы
11 сынып бітіруші білім алушыларға
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ беру туралы
АНЫҚТАМА
18 маусым 2025 жыл
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығы негізінде 2024-2025 оқу жылының басынан негізгі орта білім алушыларды, жалпы орта білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізуге дайындық кешенді түрде жүзеге асырылып келеді.
Қорытынды аттестаттау дегеніміз, бұл – негізгі, жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін жалпы мектеп бітірушілері тапсыратын емтихан. Сонымен қатар, қорытынды аттестаттау барлық мектептерде өтеді. Білімнің негізін көрсетіп отырған негізгі орта білім алушылар үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтыған пәндерден 2025 жылдың 30 мамыр – 16 маусым аралығында қорытынды аттестаттау емтихандары жұмыстары алынды.
Жалпы орта білім берудің негізгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 11 сынып білім алушылары 5 (бес) емтихан түрінде қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды, олардың біреуі таңдау бойынша:
1. Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылдың 30 маусым;
2. Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылдың 04 маусым;
3. Қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылдың 09 маусым;
4. Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (қазақ әдебиеті, биология, география) – 2025 жылдың 12 маусым;
5. Орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылдың 16 маусым.
11 сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 3 астрономиялық сағат, алгебра және талдау бастаулары бойынша – 5 астрономиялық сағат бөлінді. Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріліп, шимайжазумен (черновикпен) бірге комиссияға емтихан жұмысы аяқталғаннан кейін өткізді. Емтихан барысында ережені бұзған, қорытынды аттестаттау кезінде үш және одан да көп пән бойынша "2" бағасын алған, қайта оқу жылына қалдырылған, кешігіп келген оқушылар жоқ. Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "3", "4", "5" бағасын алған кезде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалау (бес балдық шәкіл бойынша) үшін 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылды. Жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасы толтырылып аудандық Білім бөліміне тапсырылды. Білім алушылардың жазған жұмыстарымен хаттамалары мектеп басшысының мөрімен бекітіліп, мұрағатқа өткізілді.
11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдары «бұлттық» сақтау тәсілі арқылы электронды нұсқада арнайы сілтемемен жіберіліп отырды. Емтихан материалдары бар файлды ашуға арналған құпиясөз емтихан болатын күні таң ертең сағат 07:00 және бал қою кестесіне сілтеме емтихан аяқталып, емтихан алушылар тексеретін уақытта жіберіліп отырды. Барлық емтихандар сағат 10:00 де басталып, белгіленген уақытта аяқталды. Емтихан материалдары әр оқушыға жеке-жеке таратылды. Академиялық адалдық, білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі қатаң сақталды. Емтихан өткізу ережесі коммисия мүшелері тарапынан қатаң бақылауда болды.
Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 - 11 сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған жалпы орта білім туралы 2 үздік аттестат және 77 білім алушыға № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес аттестат толтырылды.