9 сынып бітіруші білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат беру туралы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 сынып бітіруші білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат беру туралы
13
маусым
2025

9 сынып бітіруші білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат беру туралы

9 сынып бітіруші білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат беру туралы
АНЫҚТАМА

12 маусым 2025 жыл,

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығы негізінде 2024-2025 оқу жылының басынан негізгі орта білім алушыларды, жалпы орта білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізуге дайындық кешенді түрде жүзеге асырылып келеді.
Қорытынды аттестаттау дегеніміз, бұл – негізгі, жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін жалпы мектеп бітірушілері тапсыратын емтихан. Сонымен қатар, қорытынды аттестаттау барлық мектептерде өтеді. Білімнің негізін көрсетіп отырған негізгі орта білім алушылар үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтыған пәндерден 2025 жылдың 29 мамыр – 10 маусым аралығында қорытынды аттестаттау емтихандарын жұмыстары алынды.
Негізгі орта білім берудің негізгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 сынып білім алушылары 4 (төрт) емтихан түрінде қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды, олардың біреуі таңдау бойынша:
- алгебра пәнінен жазбаша жұмыс – 2025 жыл 29 мамыр;
- қазақ тілі пәні бойынша эссе – 2025 жылы 02 маусым;
- таңдау пәнінен жазбаша жұмыс тапсырды. Таңдау пәндерінде қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география, биология, физика пәндері таңдалды – 2025 жылы 05 маусым;
- орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша жұмыс – 2025 жылы 10 маусым;
9 сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, алгебра және талдау бастаулары бойынша – 3 астрономиялық сағат бөлінді. Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріліп, шимайжазумен (черновикпен) бірге комиссияға емтихан жұмысы аяқталғаннан кейін өткізді. Емтихан барысында ережені бұзған, қорытынды аттестаттау кезінде «2» бағасын алған, қайта оқу жылына қалдырылған оқушылар жоқ. Негізгі орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасы толтырылып аудандық Білім бөліміне тапсырылды. Білім алушылардың жазған жұмыстарымен хаттамалары мектеп басшысының мөрімен бекітіліп, мұрағатқа өткізілді.
9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдары «бұлттық» сақтау тәсілі арқылы электронды нұсқада арнайы сілтемемен жіберіліп отырды. Емтихан материалдары бар файлды ашуға арналған құпиясөз емтихан болатын күні таң ертең сағат 07:00 және бал қою кестесіне сілтеме емтихан аяқталып, емтихан алушылар тексеретін уақытта жіберіліп отырды. Барлық емтихандар сағат 10:00 де басталып, белгіленген уақытта аяқталды. Емтихан материалдары әр оқушыға жеке-жеке таратылды. Академиялық адалдық, білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі қатаң сақталды. Емтихан өткізу ережесі коммисия мүшелері тарапынан қатаң бақылауда болды.
Қорытынды аттестаттау емтиханынан Алматы қаласы Білім басқармасының 2025 жылдың 26 мамырдағы «2024-2025 оөу жылында 9 және 11 сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан босату туралы» №349 бұйрығы негізінде 9 «Ғ» сынып оқушысы Есенгелді Ажар Манасқызы босатылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: