Аутистер күніне орай ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасындағы «Аутизм» туралы ақпаратпен таныстыру » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аутистер күніне орай ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасындағы «Аутизм» туралы ақпаратпен таныстыру
02
сәуір
2026

Аутистер күніне орай ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасындағы «Аутизм» туралы ақпаратпен таныстыру

Аутистер күніне орай ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасындағы

«Аутизм» туралы ақпаратпен таныстыру туралы 

АНЫҚТАМА

Мерзімі:02.04.2026 ж.ж. 

Байқау ұйымдастырушылар: Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары 

Мақсаты:
 Аутизм спектрі бұзылысы бар балалар туралы қоғамның түсінігін арттыру, ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға қолдау көрсету, олардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне назар аударту. Оқушылардың бойында мейірімділік, қамқорлық, толеранттылық қасиеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Аутизм туралы ақпарат беру, оқушылардың білімін кеңейту; 
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру; 
  • Қоғамда инклюзивті мәдениетті дамытуға ықпал ету; 
  • Оқушыларды бір-біріне қолдау көрсетуге, түсіністік танытуға тәрбиелеу; 
  • Танымдық және тәрбиелік іс-шаралар арқылы балалардың белсенділігін арттыру. 

Аутистер күніне орай ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында «Аутизм» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға аутизм туралы түсінік беру, ерекше балаларға деген құрмет пен мейірімділікті қалыптастыру, қоғамда толеранттылықты арттыру. Іс-шара барысында оқушыларға аутизмнің ерекшеліктері, мұндай балалармен қарым-қатынас жасау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ерекше балаларға қолдау көрсету керектігін түсінді. Шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің қызығушылықтарын көрсетті.

Қорытындылай келе, бұл іс-шара оқушылардың мейірімділік, қамқорлық және түсіністік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
























Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: