«Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы»
2026 жылдың 2-3 сәуір күндері №180 мектеп-гимназиясының 1-11 сыныптары бойынша «Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнату, білім алушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау және оқушылардың тәрбиесіне бірлесіп атсалысу.
Жиналыс әр сыныпта сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Жиналыс барысында сынып жетекшілері ата-аналарға оқу процесі, тәрбие жұмыстары, сыныптағы жетістіктер мен қиындықтар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың сабаққа қатысуы және үлгерімі талқыланды. Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, балалардың білім алуы мен дамуына қатысты сұрақтар қойды.
Ата-аналар жиналысының негізгі идеясы – мектеп пен отбасының бірлігін күшейту, ата-аналарға балалардың оқу және тәрбие процесіне қатысу мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған іс-әрекеттерге ынталандыру. Жиналыс мазмұнды, пайдалы және ақпараттық тұрғыдан бай өтті, ата-аналар үшін маңызды мәліметтер мен ұсыныстар берілді

👁️🗨️