"Қыз баланың қоғамдағы орны және өзін-өзі ұстау мәдениеті" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Қыз баланың қоғамдағы орны және өзін-өзі ұстау мәдениеті" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді
14
қаңтар
2026

"Қыз баланың қоғамдағы орны және өзін-өзі ұстау мәдениеті" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді

Өткізілген күні: 14.01.2026
7,8,9-сынып қыздарына ДТІЖО Ш.О.Жолсейтова, мектеп психологтары М.Жанасбаева,А.Әлімбай, №22 поиклиника мамандары Аргенова Ботакөз Серикболовна, Сатиева Назгуль Аятовна-гинеколог дәрігердің қатысуымен мектепішілік жоспарға сәйкес қыздар жиналысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Қыз балаларға адамгершілік және әдептілік тәрбие беру, жеке бас гигиенасын сақтау, жасөспірім кезеңдегі физиологиялық өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру, репродуктивті денсаулықты қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және психологиялық қолдау көрсету.
Іс-шараның өту барысы:
Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.О. Жолсейтова, мектеп психологтары М. Жанасбаева, А. Әлімбай, сондай-ақ №22 поликлиника мамандары қатысты. №22 поликлиника маманы Аргенова Ботакөз Серікболовна қыз балаларға арналған мазмұнды лекция оқыды. Сонымен қатар, Сатиева Назгүл Аятовна – гинеколог дәрігер қатысып, қыз балалардың денсаулығы, жеке гигиена, жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері, репродуктивті денсаулық және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп психологтары қыз балалардың психологиялық саулығы, өз-өзіне сенімділігі, жауапты шешім қабылдау және қауіпсіз мінез-құлық тақырыптарында кеңестер берді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар ұсынылды.
Жиналыс тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды деңгейде өтіп, қыз оқушылар үшін маңызды әрі пайдалы ақпарат берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: