23
қаңтар
2025
«Ел рухын көтерген – спорт саңлақтары»
Бүгін №180 мектеп-гимназиясында 2024 жылы Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері «Құрмет» ордені иегері Зарина Райфова және дзюдодан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Ғалымжан Смағұлұлымен кездесу өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын дәріптеп, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу.
Еліміздің мақтан тұтар спортшы қызын тәрбиелеген ардақты асқар тау әке Маженов Райф Қуатханұлы осы мектепте талай жыл еңбек етіп, жұмыс істеп келеді. Кездесу кешінде әкелік тәрбиенің бала үшін маңыздылығымен бала кезден Заринаны спортқа баулығандығы туралы естелік әңгімелерімен бөлісіп, мектебіміздің өскелең жас споршылары мен оқушыларына өз батасын берді.