«Ұлттық код – ұлттық жаңарудың болашаққа сенімді қадамы » атты тарих және дене шынықтыру пәндері бірлестіктерінің апталығы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұлттық код – ұлттық жаңарудың болашаққа сенімді қадамы » атты тарих және дене шынықтыру пәндері бірлестіктерінің апталығы
22
қараша
2021

«Ұлттық код – ұлттық жаңарудың болашаққа сенімді қадамы » атты тарих және дене шынықтыру пәндері бірлестіктерінің апталығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай «Ұлттық код – ұлттық жаңарудың болашаққа сенімді қадамы » атты тарих және дене шынықтыру пәндері бірлестіктерінің 22.11.2021ж-14.12.2021ж аралығындағы декаданың өткізілу жоспарына сәйкес алғашқы ашылу салтанаты болып өтті.
Мақсаты: ұрпаққа мұра болып қалған еліміздің ұлттық құндылықтары мен төл тарихымыз таныстыру арқылы, мәдениетімізді дәріптеу, рухани байлығымызды сақтау мен болашаққа деген сенімділігін қалыптастыру болып табылады.
Мерекелік іс – шараның ашылу салтанатында мектебіміздің домбыра ансамблі «Балбырауын» күйімен ашып, қазақтың ханы мен үш бидің, жаршылар мен палуандардың қатысумен көрініс қойылып, бата беріліп, шашу шашылып, оқушылардың тәуелсіздікке байланысты өлең – жырлары жырланды.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Л.Б.Дәулетбек еліміздің жеткен жетістіктері мен тарихы, ұлттық мәдениетіміз жайында сөз қозғап, сәттілік тіледі. Мерекеге байланысты арнайы ұлттық салт – дәстүрімізді көрсететін көрме ұйымдастырылып, оқушылардың жасаған туындылары да қойылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: