22-қыркүйек -Тілдер мерекесі » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22-қыркүйек -Тілдер мерекесі
26
қыркүйек
2020

22-қыркүйек -Тілдер мерекесі

2020 жылдың 24 қыркүйек күні «22-қыркүйек Тілдер мерекесіне» орай №180 жалпы білім беретін мектептің 5-сыныптары арасында қашықтан «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін» атты ашық тәрбие сағатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жақсыбаева Л.Т, Шынжырбаева Ғ, Калмаханова Г. өткізді.Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың ашылу салтанаты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұса Аяулымның құттықтау сөзімен ашылды. Құттықтау сөзінде Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі” екендігін айтып өтті.
Қазақстан Республикасының гимні орындалып «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін....» тақырыбындағы ашық сынып сағатымыз ашық деп жарияланды.
Сабақ үш кезеңнен өткізілді. Әдеби монтаж: Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен басталды. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпау мақсатында бір сәт әдебиетімізге көз жүгіртіп «Ұлылардан қалған ұлы сөздер» кезеңіне Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, Ш.Мұртаза, М.Жұмабаев т.б ақын, жазушыларымыздың даналық сөздерін тоқталып өтті.
Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз демекші сабақтың үшінші кезеңінде тіл туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып , толықтырып жарысты. Сабақ әрмен қарай оқушылардың дайындаған ән мен күйімен жалғасты

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: