«Ұлттық сананы қалыптастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық сананы қалыптастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар
13
қараша
2020

«Ұлттық сананы қалыптастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар

Аудандық іс-шара жоспарына сәйкес 2020 жылдың 13 қараша күні Алатау ауданы №180 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ««Ұлттық сананы қалыптастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» тақырыбында аудандық  семинар өткізілді.
Мақсаты:Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Семинарға Алатау аудандық білім бөлімінің  әдіскері Смағұлова Алия Белгібайқызы мен Алатау ауданының білім беру мекемелері   директорларыныңың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында «Мектептің ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында бейне-көрсетілімдер, «Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыр» тақырыбында баяндама және тарих пәні мұғалімі Абдіманапова Жадыра Ысабекқызының ұйымдастыруымен  9 «В» сынып оқушыларының қатысуымен  «Қазақстанның болашағы-менің болашағым» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.  Семинарға қатысушылар  өз ой-пікірін білдіріп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: