«Тіл- ұлттың жаны» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанаты » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл- ұлттың жаны» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанаты
22
қыркүйек
2021

«Тіл- ұлттың жаны» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанаты

№180 жалпы білім беретін мектепте 2021 жылдың 21 қыркүйек
күні «Тіл- ұлттың жаны» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні
бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, тілге деген құрметтерін арттыру.білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Ашылу салтанаты әнұранмен ашылды.Ашылу салтанатына келген оқушылар мен қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері оқушылардың өнерін тамашалады.
8 – сынып оқушысы «Ана тілі» туралы ән шырқап, мерекенің отын қыздыра түсті. Оқушылар осы кешке үлкен әзірлікпен келгендігін көрсетті.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175жылдығы да тілге тиек ете отырып, өмірбаянымен таныстырылып, Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өренім» өлеңін Ахметов Диас жатқа оқып шықты.
Сөз соңында бірлестік жетекшісі Қожакеева Гүлзат осы он күндіктің жоспарымен таныстырып өтті. Оқушылар мен мұғалімдерге осы апталықта жұмыла ат салысуға шақырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: