Тамақтандыру » Страница 2 » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
24
сәуір
2026
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді. Осы мәселелер бойынша 5/6-сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі" тақырыбында онлайн форматта зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен дұрыс тамақтанудың ережелері мен негізгі шарттары жайында пікір алмасты.
Бракераж комиссиясы асханасының жұмысына тұрақты түрде бақылауда.22.04.2026ж
22
сәуір
2026
Бракераж комиссиясы асханасының жұмысына тұрақты түрде
Сәуір айының 22-күні №180 мектеп-гимназиясы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Мектепте оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.