Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек
19
наурыз
2025

Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек

Picture background
Көктемде табиғат қана емес, адам ағзасы да тазара бастайды. Ағзада жасушалар жаңарады. Сондықтан адам әлсіреп, иммунитеті төмендеп, дәрумендерді қажет етеді. Қыстағы тойымды рационды көктемде қандай құнарлы асқа ауыстыру керек? Көкөніс, жеміс-жидектерді көп пайдаланып, сорпа ішу керек. Ал майды азайтқан жөн. Аскөк, ақжелкен сияқты көкөністі көп тұтынған дұрыс. Рационға смузи, күнзе (кориандр) қосуға да болады. Олардың орнын жазға қарай қарбыз бен баялды баса алады. Суды көп ішіңіз. Көбірек қозғалып, жүгіруді қолға алсаңыз, ағзадағы қыстан қалған токсиндер термен шыға бастайды. Көктемде мына тағамдарды күнде пайдаланса, ағзада дәрумен жетіспеушілігі болмайды: брокколи, ашытылған  қырыққабат, апельсин,пияз,сәбіз,рукола.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: