11
қараша
2024
«Менің болашақ мамандығым»



Мақсаты:
1. Оқушыларға мамандықтар туралы түсінігін қалыптастыру,әртүрлі мамандықтар мен олардың қоғамдағы рөлі туралы негізгі түсініктер беру.
2. Оқушыларға өз қызығушылықтары мен армандарын тануға көмектесу, болашақ мамандық таңдау үшін алғашқы қадамдарын жасау.
Жұмыс түрі: тренинг
Қатысқандар: 3 «Ж» сынып оқушылары.
Күні: 11 қараша 2024 жыл
Жүргізілген жұмыстар:
Кәсіптік бағдар беруші Мұса Аяулымның ұйымдастыруымен 3 “Ж” сыныбымен “Менің болашақ мамандығым” тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар әр түрлі пазлдардан тұратын мамандық түрлерін құрастыра отырып, өздерінің болашақ мамандықтары туралы баяндады.