«№180 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды: » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «№180 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды:
18
тамыз
2025

«№180 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Алатау ауданы
«№180 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
төмендегідей бос және уақытша бос лауазым бойынша конкурс жариялайды:

1. Конкурс жариялаған мекеме атауы: «№180 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

- Конкурс өткізу орны: Алматы қаласы Алатау ауданы Саялы ы/а, Аққайнар 7 үй
- Байланыс телефондары: +77089707282,
- Қосымша ақпараттарды: моб.+77478631220
- Электронды почта: 180mektep_
2. Конкурс 18 тамыз -26 тамыз күнін қоса алғанда жарияланады;
3. Конкурс нәтижесі 27 тамыз күні сағат 10.00-де №180 мектеп-гимназияның сайтында жарияланады;
4. Конкурсқа қатысатын бос және уақытша бос лауазымдардың негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары төмендегідей белгіленген:
-Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (уақытша бос лауазым) – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы – 120 000 теңгеден бастап;
-Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 орын, талаптарға сай өткізу еңбек ақысы – 120 000 теңгеден бастап.
5. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары: мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, оқу пәнінің мазмұнын, оқу үрдісін, оқыту мен бағалау әдістерін білуі...6. Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: