22
қыркүйек
2021
№ 180 жалпы білім беретін мектептің енді өз жылыжайы бар
№ 180 жалпы білім беретін мектептің енді өз жылыжайы бар.Енді оқушылар биология пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алады.Жылыжайда балалар өсімдіктер әлемімен танысып, түрлі зерттеулер жүргізе алады. Сондай-ақ, көкөністер, жидектер мен көк шөптерді өсіруді үйренеді. «Бұл оқушыларды ерте жастан эко-мәдениетке баулып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға дағдылануға ықпал етеді» Негізгі мақсат оқушыларды еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, кәсіби бағдар бере отырып, белгілі бір мамандыққа баулу. Сондай-ақ, балалар мұнда гүл өсірудің әдістерін үйреніп, еңбек етуге үйренеді. Мұғалімдер де оқушылармен тығыз байланыста сабақты практикамен ұштастырып өткізуге мүмкіндік туып отыр.




