26
қыркүйек
2025
10-сыныптар арасында “Абай мұрасы - асыл қазына” атты А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай интеллектуалды сайыс өтті.
2025 жылдың 26 қыркүйек күні “Ұлттың ұлы қазынасы - ана тілі” атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында 10-сыныптар арасында “Абай мұрасы - асыл қазына” атты А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың өлең, қара сөз, ән арқылы Абай мұрасын терең тануына жағдай жасау.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен дәріптеу, жастар арасында білім мен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру, интеллектуалды ойынды жастардың өмірлік дағдыларын дамыту құралы ретінде насихаттау.
Сайыс 5 кезеңнен құралып, оқушылар 5 кезең бойынша топтық жұмыспен Абай өлеңдерін, қарасөздерін, әуезді әуендерін тауып, оларды жалғастырып, мағынасын ашып, ғаламдық тұрғыдан қарастырды. Интеллектуалды сайыс нәтижесінде:
1-орынды 10 «Ә»-сынып оқушылары
2-орынды 10 «Б»,10 «В»-сынып оқушылары
3-орынды 10 «А»,«Г»-сынып оқушылары
Оқушылар жүлделі орындарды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жауапты мұғалімдер: Түкеева Л.М., Таңатарова А.Т.