"Репродуктивті денсаулық апталығы" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Репродуктивті денсаулық апталығы"
14
мамыр
2025

"Репродуктивті денсаулық апталығы"

14 мамыр күні № 180 мектеп –гимназиясында 2025 жылы 12-16 мамыр аралығында елімізде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өз жұмысын бастады. Бұл іс-шараның мақсаты қыздардың гигиеналық және рухани мәдениетін тәрбиелеу, репродуктивті денсаулықты сақтауға және нығайтуға ықпал ететін дағдыларды үйрету туралы әңгімелесу қажеттілігі болды. Апталықтың алғашқы күні мектебімізде № 22 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Марал Бақтияркызымен маңызды әрі пайдалы кездесу өтті. 10-11 сынып қыздарымен дәрігер маман жүздесіп, репродуктивті денсаулық, өзін-өзі күту, және жасөспірімдік кезеңдегі өзгерістер туралы мазмұнды әңгіме өрбітіп слайд арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Қыздар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кәсіби әрі сенімді жауаптар алды. Мұндай кездесулер — жасөспірімдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауына үлкен қадам.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: