16
мамыр
2025
11 сынып ата-аналарымен жиналысы өткізілді.

13 мамыр күні мектебімізде 11 сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында төмендегі маңызды мәселелер қарастырылды:1. Мемлекеттік емтихан өткізу тәртібі мен ережелері. Оқушыларымыз үшін маңызды кезең болып табылатын қорытынды аттестаттау жайлы толық ақпарат беріліп, емтихан форматы мен өткізу уақыты түсіндірілді.
2. Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы . Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері талданып, оқушылардың жетістіктері мен алдағы дайындық жұмыстары талқыланды.
Жиналысқа белсенді қатысқан ата-аналарымызға алғыс білдіреміз! Алда тұрған маңызды кезеңдерде бірлесе жұмыс жасап, түлектерімізге қолдау көрсетуді жалғастырамыз!