04
наурыз
2025
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында жас мамандар байқауы өтеді.
№180 мектеп-гимназияда 2025 жыл 03 – 07 наурыз аралығында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында жас мамандар байқауы өтеді.
Мақсаты: жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін жетілдіру және заманауи әдістемелік озат тәжірибелерді тарату;
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
І тур
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу (өмірлік ұстаным, кәсіби жеке тұлғалық позиция, жетекші педагогикалық идеялар).
ІІ тур
Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбын күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес қатысушы өзі анықтайды.
ІІІ тур
«Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру (фотопрезентация, бейнепрезентация, аудиожазба, көркемсөз т.б. шығармашылық жолдар арқылы көрсетуге болады). Байқауға қатысушы өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарасын ұсынады (презентация уақыты 5-7 минут).
Жас мамандар 03 наурыз күні байқау ережесіне сәйкес эссе жазып өткізді.
Әріптестерімізге сәттілік тілейміз.