05
желтоқсан
2024
5-желтоқсан Халықаралық еріктілер күні аталып өтілді.
5-ші желтоқсан Халықаралық еріктілер күніне қарсы мектебіміздің 10 "В" сынып оқушылары Саялы ықшам ауданында тұратын екі отбасына өздерінің жақсы сөздерімен игі істерін көрсетіп тұрғындарымызды қуантып қайтты. Қайырымдылық ата-бабамыздың қанында бар қасиет. Бір-бірімізге қолғабыс ету, қайырымдылық жасау парызымыз деп есептейміз. Еріктілер жасай берсін! Бұл күні ақысыз жұмыс істейтін және адамдарға көмектесетін барлық адамдарға алғыс айту керек. Мақсаты: Адамдарға жақсылық ойлау, еріктілердің адами құндылықтарының
алатын орны, олардың қоғам үшін маңызы жайлы, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдіру.

алатын орны, олардың қоғам үшін маңызы жайлы, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдіру.
