09
желтоқсан
2024
«Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу»
2024 жылы 07 қазан күні 180 мектеп-гимназияда 9-10 сынып білім алушыларына «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында Алматы қаласы Наркостоп орталығының бас маманы Тажибаев Ерлан Бигулаевич дәріс өткізді. Мақсаты; жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, оның таралуына жол бермеу. Наркостоп орталығының бас маманы балаларға нашақорлықтың адам денсаулығына зиян екенін айтып, тәуелді болу қаупінен сақтану керектігін жеткізді. Сонымен қатар, мектеп психологі С.Ханафиева білім алушыларға кез-келген уақытта көмек беруге дайын екенін айтты.