17
қазан
2024
"Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты" тақырыбында 7 "Д" сынып қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті.
№ 180 мектеп - гимназиясында "Алаш мұраты білім мен ғылымның бастауы" онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімі Абикенова Бану "Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты" тақырыбында 7 "Д" сынып қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау, Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде Generator онлайн арқылы сыныпты 4 топқа бөліп, үй тапсырмасы сұрақ - жауап арқылы тексерілді.
Оқу мақсатын «Мюрнстернберг әдісі» арқылы анықтап, жаңа сабақта "Ақпаратты бөлісейік", "Картамен жұмыс", "Орнын тап", "Тарихи диктант", "Кестені толтыру" әдістері қолданылып, әр топ бағаланып отырды. Сабақта "D-ID" қосымшасы арқылы Абылай хан туралы қосымша ақпараттар беріліп, сабақ өз мақсатына жетті. 
