01
қыркүйек
2023
1 қыркүйек Білім күні!
1- қыркүйек Білім күні мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтілуде. Осындай мерекелі күні алтын ұя мектебіміздегі 2023-2024 оқу жылына арналған «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиын өткізілді. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау, жаңа оқу жылының басталуы қарсанында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру. Қазақстан балалары үшін оқу, білім, ғылымның маңызын баса айта отырып, оқушыларды «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде отаншылдыққа, өз Отанының патриоты болуға, адал қызмет етуге, білімді болуға, төзімділікке тәрбиелеу. Биылғы оқу жылында білім ордамыз тағы да кішкентай бүлдіршіндермен, яғни 6 бірінші сыныппен толықты.





