14
ақпан
2023
М.Мақатаевтың 92 жылдығына орай "Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін" атты мектепшілік әдеби - сазды поэзиялық іс- шара
2023 жылдың 14 ақпан күні 2 "Б" және 4 "Ж" сыныптарының қатысуымен М.Мақатаевтың 92 жылдығына орай "Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін" атты мектепшілік әдеби - сазды поэзиялық іс- шара болып өтті. Максаты:Оқушыларды қазақтың мұзбалық ақыны өз заманына лайык бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру. Оқушыларға шығармашылық ізденіс қалыптастыру ,шоқтығы биік туындылар аркылы сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға құрметтеуге тәрбиелеу.Кеш барысында 2 сынып оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 4 сынып оқушылары акынның "Сәби ана" шығармасынан үзінді көрініс көрсетті.Бірі Саржайлау әнін орындап бірі күй шертіп, өз өнерлерін паш етті.